Symmetrical AWD

Технологиялар және қауіпсіздік
img
Симметриялы толық жетек

Subaru толық жетек жүйесі тарту күшін барлық төрт дөңгелекке тиімді бөлуді қамтамасыз етеді. Симметриялы толық жетектің (SAWD) және көлденең-оппозиттік Subaru Boxer қозғалтқышының үйлесуінің арқасында күштік агрегат автокөліктің бойлық осіне қатысты симметриялы түрде орналасқан, ал трансмиссия дөңгелектер базасының шегіне қарай ығысқан. Осындай жайғастыру массалардың тік-көлденең балансын оңтайландырады және кез келген жабындарда әртүрлі қозғалыс жағдайларында тұрақты тартуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жоғары жылдамдықта керемет тұрақтылыққа және бұрылу мен басқару сезімталдығының керемет сипаттамаларына қол жеткізіледі, бұл жүргізуден алынатын ләззатқа қоса, SAWD кешенін Subaru қауіпсіздік философиясының іргесін құраушы бас технологияға айналдырады.

 

Артықшылықтар

  • Жоғары тұрақтылық: бұрау сәті барлық төрт дөңгелекке таратылады, осылайша қауіпсіз іс-әрекет тіпті тегіс емес жабында да сақталады.
  • Жоғары өткіштік: кез келген жағдайда керемет тарту мүмкіндіктері бұрау сәтін барлық төрт дөңгелекке тарату арқылы қамтамасыз етіледі.
  • Басқарудың жеңілдігі: тіпті шекті режимдерде де жеткіліксіз немесе шамадан тыс бұрылуға бейімділігі еңсерілді.
  • Жақсы үдеу динамикасы: бұрау сәті барлық төрт дөңгелекке жеткізіледі, сондықтан бұл схема қуаты көп қозғалтқыштармен жақсы үйлеседі.
 
icon icon icon icon icon

www.subaru-tdk.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.